Бақылау сұрақтары
1.
Нанобөлшектерді
синтездеудің қандай негізгі әдістері бар және
олардың айырмашылықтары қандай?
2.
Жоғарыдан төменге
(Top-down) және төменнен жоғарыға (Bottom-up)
әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін
атаңыз.
3.
Физикалық бу тұндыру
(PVD) және химиялық бу тұндыру (CVD) әдістерінің
айырмашылығы неде?
4.
Металл нанобөлшектерін алу
үшін қандай прекурсорлар қолданылады және олардың
рөлі қандай?
5.
Метанның термиялық
ыдырауы нәтижесінде көміртекті нанотүтіктер қалай
түзіледі?
6.
Коллоидты ерітіндіде алтын
нанобөлшектерін алу үшін қолданылатын әдістерді
сипаттаңыз.
7.
Брюст-Шифрин әдісінің
негізгі принциптері қандай және оны қандай материалдарды
синтездеуде қолдануға болады?
8.
Нанобөлшектердің
өлшемі олардың оптикалық қасиеттеріне қалай әсер
етеді?
9.
Наноматериалдардың
тұрақтылығын арттыру үшін қандай химиялық
әдістер қолданылады?
10. Нанобөлшектерді өлшемі бойынша бөлудің қандай
физикалық әдістері бар?